Тоғызқұмалақтың мыңдаған жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. «Тоғызқұмалақ» ойыны көшпенді өмір салтының айнасы іспеттес, ол – тірі тарих.
Тарихты білу тектілікке саналады. Бабаларымыз ұрпағының білекті де, жүректі болуымен қатар ақылды болуына да қатты алаң болған. Сол себепті де осы өнерді дүниеге келтірген.
Үйірменің мақсаты:
Оқушылардың тоғыз құмалақ ойынына деген қызығушылықтарын арттырып, әдіс – тәсілдерін меңгерту, арқылы ойлау қабілетін жетілдіру.
Дене тәрбиесі мен спортқа, сонымен қатар ұлттық спорт түрлеріне аса үлкен саяси, қоғамдық мән беріліп отыр. Қазақ жастарының спортпен шұғылдануы олардың жеке басының ісі емес, қоғамдық міндеті, өйткені, спорт қоғамдық іске пайдалы және Отанды қорғауға лайық азаматтар тәрбиелеуге көмектеседі.
Үйірменің міндеті:
Тоғызқұмалақтан мектепішілік жарыстар ұйымдастыру, жүргізу. Қала мектептерімен, аула клубтарымен достық кездесуге дайындау. Облыстық, республика көлеміндегі спартакиада жарысына дайындау.
Үйірме жетекшісі: Журтканов Б.М.