«Графика және жобалау» үйірмесі тегін оқытылады.Оқушыларға бейнелеу өнерінің тарихынан бастап, сурет салудың әдіс-тәсілдерін меңгерте отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды. Cурет салудың қыр-сырын үйренемін деп келген балалардың бірде- бірі назардан тыс қалмайды. Қабілеттеріне жас ерекшеліктеріне қарай оқытылады. Бұл үйірме балаларға сурет салудың әдіс-тәсілдерін үйреніп, шығармашылық жұмыс жасауға, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысып, жеке шығармашылық жұмыс жасау мүмкіншіліктерін дамытуға жолдар ашады.
Үйірме жетекшісі: Дуйсенова А.Е.