Хромтау ауданында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Ақтөбе облысы Хромтау аудандық білім бөлімі ''ММ ''Мектептен тыс білім беру орталығы'' МКҚК ұйымдастыруымен ''Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ'' суреттер көрмесі өтті.
Көрмеге орталық оқушылары тақырыпқа сай өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Суреттерде балалар зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай елестететінін көрсетіп, отбасы құндылықтарын, мейірімділік пен тыныштықты бейнеледі. Әр оқушы өз суретінің идеясын түсіндіріп, тақырыпты қалай түсінгенін баяндады.
Іс-шараның басты мақсаты – балалар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, олардың құқықтарын қорғау және қоғамда бейбітшілік пен мейірімділік идеяларын насихаттау.
Көрмеге ұстаздар мен ата-аналар қатысып, балалардың суреттерін тамашалады. Орталық басшысы балалардың еңбегін жоғары бағалап, мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор екенін айтты.