«Шырқа, биле жаңа жыл!»
2023 жылы желтоқсанның 28 күні Мектептен тыс білім беру орталығында «Шырқа, биле жаңа жыл!» тақырыбымен жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті. Қоян жылын шығарып салып, жаңа Ұлу жылын қуанышпен қарсы алды. Мерекеде балалар кейіпкерлермен бірге ойын ойнап, ән шырқап, би билеп көңіл көтерді.Жанарларында қуаныш пен күлкі ойнап, мерекеден тамаша тарқасты. Жаңа жылда жақсы жаңалықтар көп болсын!
Барлықтарыңызға үлкен қуаныш, бақыт, зор денсаулық тілейміз!
Жаңа жыл құтты болсын!