"Мектептен тыс білім беру орталығы" МКҚК Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні орай оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу, білуге, үйренуге қызығушылықтарын арттыру, көшбасшылық қабілеттерін оятып, жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту мақсатында үйірме оқушалары арасында "Үздік көшбасшы - 2024" білім сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Сайыс 4 кезеңмен ("Бәйге", "Жеті жұрттың тілін біл", "Ғажайып төрттік", "Жорға") өтті. Оқушылар "Алғырлар" және "Қыран" болып екі топқа бөлініп команда болып жарысты. Нәтижесінде "Қыран" тобы жеңіске жетіп марапатталды.