2024 жыл 30 мамыр күні Мектептен тыс білім беру орталығының ғимаратында Хромтау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қоғам қайраткері Қ.Алтынбековті еске алу және 1 маусым балаларды қорғау күніне орай тоғызқұмалақтан жасөспірімдер турнирі өтті. Турнир оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылды. Турнирге 40-тан астам оқушылар қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Турнир жетекшілері Б.М. Журтканов, Н.Т.Саудин оқушылардың зияткерлік қабілетін,ойын шеберлігін дамытуда зор үлестерін қосты.