"Мектептен тыс білім беру орталығы" МКҚК, "Ашық есік" апталығына орай "Театр өнері" үйірмесінің 2-топ оқушыларымен Мұхтар Шахановтың "Отырар дастаны" поэмасы бойынша ашық сабақ өтті. Келген ата-аналар сахналық көріністі тамашалады.
Мақсаты: Тарихи тұлғалар туралы дерек бере отырып, олардың ерлігін дәріптеу, оқушыларды туған жерін қадірлеуге, адалдық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Жетекшісі: Ж.Е.Оразова