Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам-мұғалім» деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім - әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болары хақ. Себебі әр мұғалімнің еңбегі ерен, еліміздің дамуына қосқан үлесі-орасан, дей келе осы челленджді Қопа орта мектебіне жолдаймын.
Құрметпен: Мектептен тыс білім беру орталығының директоры
Бусурманова Айгуль Мирамбаевна