«Ұстаз –ұлағатты есім»
Ағымдағы жылдың 17 ші жұлдызында Хромтау аудандық білім бөліміне қарасты Мектептен тыс білім беру орталығында "Ультрамарин" үйірмесінің жетекшісі К.Т.Рычкованың шығармашылық кеші өтті. Кешке аудандық білім бөлімінің басшысы Н.С.Калниязова, ардагер ұстаз Г.В.Попова, ауданымыздың Хромтау газетінің тілшісі Ж.Н.Өтеулі және К.Т.Рычкованың дара жолына куәгер болған әріптестері А.В.Жангожина мен Г.К.Танзенова қатысып, сонау өткен дара жолдың куәгері К.Т.Рычковаға тілектерін білдірді.
К.Т.Рычкова ұстаздық мамандықта 35 жыл жұмыс жасап, өз нәтижесінде бірнеше шәкірттерді тәрбиелеп, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде жетістіктері зор.Қазіргі таңда шәкірттері Қазақстанда, Ресейде, Европада білім алып, кейбіреулері елімізге қызмет етуде. Кеш барысында түлектер ұстаздарына видеоролик арқылы тілектерін білдірді.
Мектептен тыс білім беру орталығы көп деңгейлі білім ордасы сондықтан осындай ұлағатты ұстаздардың нәтижесінде дарынды оқушылардың саны арта берсін!