Ақтөбе облысы «Хромтау аудандық білім бөлімі» ММ «Мектептен тыс білім беру орталағы» МКҚК жыл қорытындысы бойынша есеп беру кешін өткізді. Кештің ашылуын Орталық директоры Айман Баймурзиновна 2024 жылдың қорытынды есебін баяндаумен бастады. Шығармашылық ұжымның шығармашылық есеп беру кеші жылда қайталанбас және ұмытылмас балалық бояуларға, жастықтың жалынына толы болды.
Орталық фойесінде «Сиқырлы өрнек» «Жас суретші», «Шебер қолдар» үйірме оқушылары мен педагог жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, оқушылар шеберлік сыныптарын көрсетті. Шығармашылық құпиялармен бөлісті. Келген қонақтар көрмені тамашалады. Сонымен қатар «Робототехника» үйірме оқушылары өз білімдерін пайдаланып роботтармен жұмыстарын көрсетті.
"Тоғызқұмалақ" үйірме оқушылары өз шеберліктерін көрсетті.
Шығармашық кештің ашылуына «Жалын» вокал үйірмесінің тәрбиеленушісі өз өнерін паш етті. Орталық сахнасында «Шабыт» және «Жұлдыз - ай» би ансамбльдерінің тәрбиеленушілері биден шашу шашты.
«Шалқыма» домбыра үйірме жетекшісі мен оқушылары өз өнерлерін көрсетіп шеберлігімен көрермендер көңілінен шыға білді.
Кешке ата - аналар мен арнайы қамқоршылық кеңес мүшелері қатысып өнерлі балғындардың қадамдарына сәттілік, өнерлеріне шығармашылық табыс тіледі.