Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/cvo-khromtau.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

2025 жылғы 26 мамырда Мектептен тыс білім беру орталығында дәстүрлі қорытынды есеп беру кеші өтті. Қорытынды кешке ата - аналар, оқушылар, қонақтар жиналды. 

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Тайман Дильназ Аманжановна және ардагер ұстаз Попова Галина Васильевна кешіміздің қонағы болып, балаларға тілектерін білдірді. 

«Жалын», «Ән әлемі» үйірмесінің оқушылары әсем әндерімен, ал «Шабыт» үйірмесінің оқушылары мың бұралған билерімен көрермендердің көңілін көтерді.

Мектептен тыс білім беру орталығында жыл бойы халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық байқауларға белсене қатысып, жетістікке жеткен барлық оқушылар мадақтамамен марапатталды.

Орталықтың директорының міндетін атқарушы Жулдыбаева Салтанат Успановна 2024 - 2025 оқу жылында атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерге тоқталып, ата - аналар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.