Оқу-ағарту министрлігі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндерінің челленджін бастады. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған жобаның басты мақсаты халқымыздың ұлттық ерекшелігі мен рухани мәдениетін дәріптеу, қазақ тіліндегі әндерді насихаттау және тарату. Оған 6 жастан 18 жасқа дейінгі кез келген бала қатыса алады. - «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндері фестивалі биыл елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылуда. 1 ақпанда басталған байқаудың қорытындысы 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнінде шығарылмақ. Осы күні еліміздің әрбір елді мекенінде Open Air форматында концерттер ұйымдастырылады. Ал, ең танымал әндерді орындаушылар өңір әкімдерінің республикалық гала-концертіне жолдама алып, бағалы сыйлықтармен марапатталмақ - дейді <<Мектептен тыс білім беру орталығы» МКҚК директоры Айман Раева.
Фестивальге Хромтау қаласындағы «Мектептен тыс білім беру орталығы» МКҚК-ның, Ерхат Аманкелдиев жетекшілік ететін «Жалын» вокал үйірмесінің оқушылары Арыстанбай Айзере, Шамшат Нұрғалым, Бейсен Арай, Шилібай Даниял, Ерғазы Камила және Сәуле Бисенбаеваның жетекшілігіндегі «Ән әлемі» вокал үйірмесінің оқушылары Юлдашева Гүлзар, Тойлыбек Нұршуақ қатысуда. Жоба талабы бойынша қатысушылар қазақ тіліндегі балалар әндері жанды дауыспен орындап, бейне түсірді. 20 әнге түсірілген бейне Мектептен тыс білім беру орталығының TikTok әлеуметтік желісіндегі @khromtau_mtbbo парақшасында #ӘНШУАҚ хэштегімен орналастырылған.
«Хромтау-ақпарат»