2024 жылғы 29 мамырда Мектептен тыс білім беру орталығында дәстүрлі қорытынды есеп беру кеші өтті. Қорытынды кешке ата-аналар, оқушылар, қонақтар жиналды. Орталықтың директоры Раева Айман Баймурзиновна 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерге тоқталып баяндап өтіп, ата-аналар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Тұрар Бекет Саматұлы, ардагер ұстаз Попова Галина Васильевна кешіміздің қонағы болып, балаларға тілектерін білдірді.
«Жалын» үйірмесінің оқушысы Арыстанбай Айзере әсем әнімен көрермендердің көңілін көтеріп тастады.
Мектептен тыс білім беру орталығында жыл бойы халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық байқауларға белсене қатысып, жетістікке жеткен барлық оқушылар мадақтамамен марапатталды.