Ұлағатты ұстаз, Ельдесов Сакен Бархиянович «Мектептен тыс білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ардагер ұстазы.
Ельдесов Сакен Бархиянович - 1958 жылы 9 – шы ақпанда, Ақтөбе облысы, Новоресей ауданы, Сарсай ауылында дүниеге келген.
Мамандығы бойынша: 1980 жылы Ақтөбе қаласы. Ақтөбе педагогикалық – индустриалды техникумын бітірген.
Педагогикалық қызметін 1982 жылы Новоресей ауданы. Қызылқайың орта мектебінде бастаған.
Мұғалім жетістіктері:
1985 жылы облыстық «Жыл мұғалімі» байқауларына қатысып, 1985 жылы «Ауданның үздік мұғалімі» атағын алды.
1993 жылы «Жыл директоры» атағын алды.
1995 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған,
2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл»,
2005 жылы «Астанаға 10 жыл»
2021 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20жыл», медальдарымен марапатталған.
2010 жыл «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» республикалық кітап энциклопедиясында жарияланған.
2021 жылы «Алтын кітап» республикалық кітап энцеклапедиясына енген.
Еңбек жолдарында Облыстық білім беру мекемесінің, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің, аудан, облыс әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.