2023 жылы 26 мамыр күні Хромтау ауданы "Мектептен тыс білім беру орталығы" МКҚК 2022 - 2023 оқу жылының қорытынды кешін өткізді. Қорытынды кешке орталық оқушылары, ата - аналар, ардагер ұстаз Г.В.Попова және аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Н. Алтынбекова қатысты. Қорытынды кеште 2022 - 2023 оқу жылында орталық үцірмелеріне 530 оқушы қатысып, түрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарға 365 оқушы ие болып 68% пайызды құрады. Орталық педагогтары республикалық, облыстық, аудандық шығармашылық семинарларға қатысып, өздерінің іс тәжірибелерін таратты.
Орталықта қамқоршылық кеңесі, әдеп кеңесі, әдістемелік кеңестер жұмыс жасап, ұсыныстар, сұраныстар, шешімдер жоспарға сәйкес жасалып отырды. Ата - аналармен де бірлескен жұмыстар жүргізіліп, ашық есік күні, тренингтер, отырыстар ұйымдастырылып, ата - аналардың да пікірлері тыңдалып, жұмыстар жасалды. Қорытынды кеште оқушылар, ұстаздар жылдық қорытынды нәтижесімен марапатталды. Сонымен бірге орталықтың шаруашылық қызыметінде тынымсыз еңбек еткен кіші қызметкерлерде алғыс хатпен марапатталды.