2025 жылдың 31 наурыз күні Хромтау аудандық білім бөлімінің жоспарына сай Мектептен тыс білім беру орталығында аудандық “Әз Наурыз” қолөнер көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Балалар қолөнер шығармашылығын дамыту мен насихаттау. Дарынды оқушылардың қызығушылығын арттыру. Өнерге құрметпен қарап, оны қастерлеуге баулу.
Байқауға ауданның 7 мектебінен 34 жұмыс қабылданды.Аудандық білім бөлімі әдіскері Табанова Жазира Асановнаның және "Сиқырлы өрнек" үйірме жетекшісі Жулдыбаева Салтанат Успановна мен "Жас суретші" үйірме жетекшісі Дүйсенова Айнаш Есентүгеловнаның қатысуымен қорытынды жасалды.
Қорытынды бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.