2023 жылдың ақпан айының 22 - 23 күндері орталықтағы үйірме оқушыларын кітапхана өмірімен таныстыру және олардың бойында ұлттық сананы ояту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық кітапханаға саяхат жасалды. Саяхатқа орталықтағы «Математика және логика», «Театр өнері», «Робототехника», «Жас суретші», «Сиқырлы өрнек», «Шабыт» үйірмелерінің оқушылары қатысты.