2023 жылы 28 қыркүйекте Хромтау ауданы «Мектептен тыс білім беру орталығы»МКҚК және Хромтау аудандық мәдениет, тілдер дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 1 қазан қарттар күніне арналған аудан ардагерлерінің арасында «Шахмат және дойбы» спорттық ойыны ұйымдастырылды. Ойынға аудан ардагерлері қатысып, жүлделі орындар иеленді.
Ардагерлер «Орталықта болашақ дарынды оқушылардың саны артып еліміздің көк байрағын желбірететін ұрпақтар көп болсын!» деп, баталарын берді.
Елбасы «Жалпақ жұртыңды құрметтеу,туған өлкенің тарихын танудан,адамдарын ардақтаудан басталады» дегенді алға тартқан болатын, сондықтанда «Қарт дегеніміз –ағып жатқан дария, теңіз іспеттес» осы қарттарымызды құрметтеп, ардақ тұтамыз!