Орталықтың құрметті демалыстағы ардагер ұстазы, Рычкова Клара Тулепбергеновна саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнап, білім саласына ұзақ жыл қалтқысыз еңбек етіп, қосқан зор үлесі үшін Республика күніне орай Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Марапатыңыз құтты болсын! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!