"Мектептен тыс білім беру орталығы" МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес "Ашық есік" апталығы барысында «Айтыс өнері» үйірмесі "Желдің күші мен тыныштығы" тақырыбында ашық сабақ өткізді
Мақсаты: Оқушыларға айтыс өнері арқылы табиғат құбылыстарының мәнін түсіндіріп, бейнелі ойлау мен көркем сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында үйірме мүшелері желдің күші мен тыныштығын әдеби тұрғыда талдап, айтыс өнеріндегі тілдік шеберліктерін жетілдірді.
Жетекшісі: Кәлендір Ә.Н.