"Мектептен тыс білім беру орталығы" МКҚК, "Асыл сөз" үйірмесінің оқушысы Шуылдак Нұргүл дана ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дəріптеу, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру мақсатында өткізілген республикалық шығармашылық «Абай оқулары» байқауына белсене қатысып, ерекше дарыны мен өнерін көрсетіп, жұмысы үздік деп танылуына орай, Астана қаласында салтанатты марапаттау рәсіміне, «ҮЗДІК 100 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ» атты дарынды оқушылар форумына жолдама алып, "ҚАЗАҚСТАН ДАРЫНЫ" атты төсбелгішесі, төсбелгішені куәландыратын КУӘЛІК, «ҚАЗАҚСТАН ДАРЫНЫ» атты СТАТУЭТКАСЫ, Республикалық І дәрежелі ДИПЛОМ, Ата - анасына қолдау көрсеткені үшін АЛҒЫС ХАТ, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президент орталығына экскурсия жасады. Жетекшісі Оразова Жанат Есетқызы Республикалық І дәрежелі дипломмен марапатталды.