14 наурыз - Көрісу күні немесе Амал мерекесі.
Көрісу күні - тек бір-бірімен сәлемдесіп, амандық сұрасу ғана емес, ата-бабадан қалған рухани байланыстарды нығайтатын ерекше дәстүр. Бұл күн - тек амандасу рәсімі ғана емес, халықтың бір-бірімен бауырмалдығын арттыратын, жақындық пен татулықты нығайтатын мейрам.
Осы көрісу күні, Амал мерекесі Мектептен тыс білім беру Орталығында да оқушылар мен ұстаздар арасында аталып өтті.
Амал мерекесі бәрімізге құтты болсын!!!